Аул 1 “Ә” класса

1 “Ә” сыныбы және сынып жетекшісі Кумыкбаева С.С “Абай Құнанбайұлының”ауылының бейнесін көрсетті,іс -шара барысында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.
Және де қазақ халқының керемет дәстүрі тұсау кесумен таныстырды.
Тұсау кесу рәсімі кезінде баланың аяғы арқанның көмегімен сегіз саны сияқты – шексіздік символымен байланады. Отбасы мүшелерінің алдын-ала таңдаған жігерлі, мейірімді, жағымды қасиеттері мен үлкен өмірлік жетістіктері бар адам тұсауын кеседі. Баланың болашақ жолы да оның тұсауын кескен адам сияқты сәтті болады деп ырымдаған.

Дәл сол адам жіптерді кескеннен кейін баланы екі қолынан ұстап бірнеше заттар қойылған ақ жолдың соңына дейін жетелеп апарады. Әдетте алма, кітап, ақша және домбыра болады. Қазақ халқы ежелден баланы қандай зат таңдайды, оның тағдыры да сондай болады деп сенген.

Егер алманы таңдаса, ол үнемі тоқ болады, егер кітап болса – ақылды және білімқұмар, ақша болса – бай, ал домбыра – шығармашылық адамы болады деп есептеген.20:51