Кужанова Акмаржан Кусаиновна

Кужанова Ақмаржан Кусаиновна- 1955 жылы 11 сәуірде Ресей федерациясы, Орынбор қаласында дүниеге келген.  1977 -1983 жылдар аралығында А.С.Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтын «География» мамандығы бойынша бітіріп, өзінің еңбек жолын Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дмитриевка мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып бастады. Білікті маман, ізденімпаз ұстаз 1984-1988 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру  институтында әдіскер қызметін атқарды.  1989-2002 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы № 23 орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. А.Кусаиновна өзінің еңбек жолында көптеген шәкірттердің білімін шыңдап, пәндік олимпиада жүлдегерлерін тәрбиеледі. Өзінің іскерлігі мен кәсіби шеберлігінің арқасында А.Кусаиновна 2005 жылдан бастап «Шаңырақ» оқу кешенінің бас директоры болып қызмет атқаруда. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, мектеп ұжымын кәсіби тұрғыдан дамытып, білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін

Ақмаржан Кусаиновна   ҚР БҒМ-нің Құрмет грамотасымен, «Білім беру Кұрметкері» төс белгісімен, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен және Ақтөбе облысының білім басқармасынан  алғыс хаттарымен марапатталды.!!