14- наурыз Амал (Көрісу) меркесі

14- наурыз Амал (Көрісу) меркесі – бұл ең алдымен үлкендерге құрмет, кішілерге қамқорлық, әлсіздерге қолдау, мұқтаж жандарға көмек көрсету.
Бұл күні жасы кіші адамдар үлкендермен көрісіп, қол алысып, құшақтасады. Ақсақалдар жастарға батасын береді. Бұл күні бұрынғы реніштер ұмытылып, араздық кешіріледі. Көрісу – жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күн, бауырмалдық, қарапайымдылық және қайырымдылық мерекесі.
Бұл мереке Қазақстанда дәстүрге айналған Наурызнама онкүндігінің бастамасы болып табылады. Ол жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өткізіледі.